البيان الأول :

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және Умра министрлігінің мәлімдемесі

 

Иран Қажылық және Сапар ұйымы делегациясының Иран қажыларының істерін реттестіру туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқандығы жөніндегі САК Қажылық және Умра министрлігінің мәлімдемесі шыққандығы жайында хабарлаймыз.

САК Қажылық және Умра министрлігінің 1437Х. 5-ші шағбан айындағы (сәйкесінше 2016ж. 12-ші мамырындағы) Иран Қажылық және Сапар ұйымының 1437Х. (2016ж.) қажылық маусымында ирандық қажылардың істерін реттестіру туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқандығы, сондай-ақ Қос киенің сақшысы САК Королі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд (Алла оған есендік берсін) және оның салиқалы үкіметі Иран Қажылық және Сапар ұйымы төрағасы мен оған еретін делегацияның аталған хаттамаға қол қою мақсатында Сауд Арабиясына келуге білдірген өтінішіне қолдау көрсеткені жөніндегі мәлімдемесіне қосымша, төмендегіні хабарлайды:

Сауд тарапы ирандық делегацияны ресми түрде қабылдап, қонақжайлылық көрсетіп, умра қажылығын өтеуге барлық жеңілдіктер жасады. Содан кейін 1437Х. 18-19-шы шағбан айларында бірнеше сағатқа созылған отырыстар өтті. Екі тарап алдыңғы отырыстарда қозғалған барлық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Иран Қажылық және Сапар ұйымының ұсынған әрбір мәселесіне САК Қажылық және Умра министрлігі бірнеше шешімдер ұсынды, олар:

  • САК Сыртқы істер министрлігімен келісілген механизмге сәйкес ирандық қажыларға Иран республикасының территориясында электрондық түрде виза беру;
  • Ирандық қажыларды Иран және Сауд Арабиясы ұлттық әуетасымалдау компаниялары арасында тең бөліп тасымалдау;
  • Иран делегациясының өтініші бойынша САК-дегі Швейцария елшілігі жанынан өздерінің қажыларының істерін реттеу мақсатында дипломатиялық өкілдігін ашуға рұқсат берілді. Осы мәселе бойында САК құзырлы мекемелерімен шұғыл түрде келісімдер жасалынды. Алайда 1437Х. 20-шы шағбан, жұма күні таңда Иран делегациясы хаттамаға қол қоймастан өз елдеріне кетуге ниет білдірді.

САК Қажылық және умра министрлігі Иран Қажылық және Сапар ұйымының аталған хаттамаға қол қоюға бас тартуына байланысты осы жылы Иран азаматтарының қажылық міндетін атқара алмайтындығы үшін Алланың және Иран халқының алдында жауапты болтындығын нақтылайды. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы қажылықты саясаттандыруға және дінді саудаға айналдыруға түбегейлі қарсы екендігін білдіреді. САК билігінің тапсырмасы бойынша сауд тарапы қасиетті Алланың үйіне қажылық жасауға келетін адамдарға қызмет етіп, істерін жеңілдету жолында әрқашан ынтымақтастық жасауға дайын екендігін білдіреді.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның жанұясы мен артынан еруші ізгі мұсылмандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

 

البيان الثاني :

 

Эр-Рияд, 5 Шағбан, 1437Х (сәйкесінше 12 мамыр 2016ж.)

Сауд ақпарат агенттігі

 

САК Қажылық және Умра министрлігі САК үкіметі мен халқының қасиетті жерге қажылық пен умра (кіші қажылық) сапарларын өтеу мақсатында келуші барлық ұлт өкілдеріне қызмет етуге дайын екендігін тағы да сендіре отырып, аталмыш қызмет Корольдіктің ислам діні алдындағы ең маңызды жауапкершілігі мен міндеті болып табылатындығын  хабарлайды.

Министрлік өзінің баяндамасында: "Жыл сайын САК үкіметі Қос Киенің сақшысы САК Королінің бастауымен барлық араб және ислам мемлекеттеріне, сондай-ақ мұсылман тұрғындары бар басқа да бірқатар елдерге қажылық маусымындағы қажылық істерін талқылау мақсатында ұйымдастырылатын жиналысқа қатысуға шақырады. Биылғы жылы аталмыш шақырулар жіберілген елдердің саны 78-ге жетті. Бұл елдердің қатарында Иран Ислам Республикасы да бар", - деп айқындады.

  Осы орайда Министрлік биылғы (1437Х) жылғы жиналыста Иран Ислам Республикасы жауапты тұлғаларымен арада орын алған оқиғаға байланысты төмендегі баяндамасын көпшілікке жария етуді жөн санайды:

Біріншіден, Иран Қажылық және Сапар ұйымының төрағасы Саид Ухади мырзаға биылғы жылғы қажылық маусымындағы қажылық істерін талқылау мақсатында 1437Х 25 Мухаррамда САК-не келуге шақырған № خ/479 хаты жіберілді.

Екіншіден, 1437Х 29-шы Жумада Ахира айында Иран делегациясына БАӘ Дубайдағы Сауд өкілдігі арқылы САК-не кіру визасы берілді.

Үшіншіден, Министрлік Иран Қажылық және Сапар ұйымының төрағасының басшылығымен келген Иран делегациясымен 1437Х 7-ші Ражаб айында кездесу ұйымдастырып, кездесу барысында биылғы жылғы Иран қажылары істеріне байланысты барлық мәселелер талқыланды.

Төртіншіден, Иран қажылық істері бойынша жауапты делегациясы 1437Х қажылық маусымындағы іс-шараларды аяқтау мақсатындағы Келісім протоколына қол қоюдан бас тартты. Аталмыш Келісім протоколын Ирандағы сарапшы мамандарға тексерту ниетін білдіре отырып, төменде келтірілген пунктерінің орындалуын талап етті:

  • Иран қажыларына САК-не кіру визасын Иран территориясында беру мүмкіндігі;
  • Қажыларды тасымалдауды Сауд әуе тасымалдаушы компаниясы мен Иран әуетасымалдаушы компаниясының арасында тепе-тең бөлуге қатысты тармағын қайта қарастырып жазу. Өз кезегінде бұл талап қолданылып келетін  Халықаралық норманы бұзушылық болып табылады.
  • Протоколға "Кәмил дұғасын" оқу рәсімі, "Бәраә" рәсімін өткізу сынды шейіттік рәсімдерді өткізуге рұқсат беретін тармақтарды енгізуін талап ету. Аталмыш рәсімдер топ-топ адамдардың жиналуын қажет ететіндіктен, Ислам әлемінің басқа да елдерінен келетін қажылардың қозғалысына кедергі тигізуі мүмкін.

Баяндамада Иран делегациясының 1437Х 12-ші Ражаб айында аталмыш протоколға қол қоймастан САК-нен ұшып кеткендігі айтылады. САК Қажылық және умра министрлігі Иранның қажыларына виза беруді қолдайды және оны шетелдіктерге арналған біріккен электрондық жүйеге қажылардың мағлұматтарын енгізу арқылы электрондық қажылық визасын алуға болатындығын айқындады.

Умра қажылығын өтеуге келетін ирандықтарға шектеу қою бойынша, мәлімдемеде былай дейді: "САК Қажылық және умра министрлігі Сауд Арабиясы билігі Иранның умра жасаушыларына мүлдем тыйым салмағандығын, керісінше тыйымның Иран үкіметі тарапынан болғандығын айтты. Бұл САК үкіметіне қысым көрсету амалдарының бірі болып табылады".

Сауд Арабиясы билігі, үкіметі мен халқы әлемнің түпкір-түпкірінен келетін қажылар мен умра жасаушыларды және қонақтарды ұлтқа, мазхабқа бөлместен, оларды қарсы алуды қоштайтындығын нақтылау мақсатында САК Қажылық және умра министрлігі осы мәлемдемені жариялап отыр. САК кез-келген мұсылманның қаситетті мекендерге келіп, өзінің діни құлшылықтарын атқаруға САК Қажылық істері жөніндегі заңдар мен қағидалар аясында жасауға тыйым салмайды. САК қажылар, умра жасаушылар мен қонақтарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, емін-еркін құлшылықтарын жасауға барлық материалдық және адами мүмкіндіктер жасады. Кандай да бір мемлекет өздерінің азаматтарын қажылық жасауға тыйым салса, ол шешімі үшін Алланың және әлемнің алдында өздері жауапты болады.

Мәлімдеменің соңы ....